Жәнекенов Жүсіп Рысқалиұлының еңбек қызметі

          Жәнекенов Жүсіп Рысқалиұлы – 1947 жылы,30 – қазанда, Батыс Қазақстан облысы,Таскалинск ауданы, Мартыново селосында дүниеге келген.

          1970 жылы В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының (қазіргі –Қ.Сәтбаев атындағы ҚазНТУ) – гидрология және инженерлық гидрология факультетін аяқтаған.

          Алғаш қызметін «Казгипроводхоз» жобалау-іздеушілік институтында бастаған (Алматы қ.). 1971 жылы «Казгипроводхоз» институтының  Талдықорған қаласындағы филиалына ауыстырылған (қазіргі «Талдықорғансужоба Институты), ол жерде инженер, аға инженер, жетекші инженер және бас инженер қызметін атқарды.

          1975 жылы, инженерлы-іздеушілік  бойынша директор орынбасары болып тағайындалды.

          1979-1982 жылдар аралығында институтың маманы ретінде Йемен Халықтық – Демократиялық Республикасында (ЙХДР) жұмыс істеді және осы мемелекеттің су шаруашылығының дамуына үлкен үлес қосты.

          1982 жылдан бастап директор орынбасары, ал 1986 жылдан өмірінің соңғы күндеріне дейін ЖШС «Талдықорғансужоба институты» -ның директоры қызметін атқарды.

          Жүсіп Рысқалиұлының қызметі – Жетісу өңірінің су шаруашылғының дамуымен ты,ғыз байланысты болған. Осы жылдар аралығында аталған институттың мамандары Жәнекенов Жүсіп Рысқалиұлының тікелей басқаруымен, өңірдің экономикасының дамуына үлкен үлес қосты.суландыру жүйесінің мығым жұмыс жасауына, суармалы жерлердің көбеюіне және оның тиімділігін арттыруға қол жеткізді. Бұл жылдары институтта су шаруашылығы объектілерін жобалауға заманауи техникалық тәсілдерді пайдалана білетін, кәсіби біліктілігі жоғары мамандардан тұратын ұжым құрылды.(жобалау бойынша Мемлекттік лицензиясы – I категория)

          Институттың мамандары республикада бірінші болып күрделі инженерлік құрылымдарды, технологияларды және суару технологиясын жобалауға заманауи технологияларды енгізді. Осылайша, басшылығымен және тікелей қатысуымен, Жоламан, Қундызды, Көлтабан, Кызылағаш жер асты суларын пайдаланып , Қоңырөлең, Басши суармалы жерлерінің жобалары жүзеге асты. Онда, судың қуатын пайдаланып, су қысымымен істейтін жаңбырлатқыш машиналар қолданылды. Жоғары деңгейде Алматы, Талдықорған, Семей, Өскемен және Павлодар сияқты жобалар сәтті аяқталды және Дүниежүзілік банктің реконструкция және даму (ХҚДБ – 1997-2003 жж.) Қаржыландыратын ирригациялық жүйелер табысты пайдалануға берілді. Дәлелдеме ретінде, «Мотт МакДональд-Теймелс» (Англия-Түркия) бірлескен кәсіпорнынан ХҚДБ қарызы үшін ПУИД Қазақстандық жобасының жетекшісі А.М. Kirby-дың оңды пікірі , сондай-ақ «Harza» компаниясы (АҚШ)2009-2011 жж. Ірі нысандарды – Пресновский топтық су құбырын (Солтүстік-Қазақстан облысы) және 2009-2013 жж. Қаскелең топтық су құбыры құрылысы басталды. Талдықорған қаласында, Қаратал өзенінің жағалауларын жақсарту арқылы жағалауды күшейту жұмыстары жүргізілді. Институт әзірлеген жобалар бойынша, қаланың солтүстік-батыс бөлігіндегі жер асты суларының деңгейін төмендету, Талдықорған қаласындағы оңтүстік-батыс тұрғын алабында сумен жабдықтау және канализация желілерін төмендету үшін дренаждық жүйелерді салу жүргізілді.

          Қазіргі уақытта Институт – республикадағы, білікті мамандарді сақтап қалған, жобалау жұмыстарын көлемін қысқартпаған және үнемі жұмыс істеп келе жатқан аздаған ұжымдардың бірі.

          Жанекенов Жүсіп Рскалиұлы – суару жүйелерін, ауыз сумен жабдықтау және күрделі гидротехникалық құрылыстарды жобалаудың шеберлігін меңгерген жоғары білікті маман. Ол, тәжірибелі жетекші және жастар тәлімгері, республиканың су шаруашылығы саласының серіктестері арасында үлкен беделге ие болды.

          Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен су шаруашылығы саласындағы қызметі үшін Жәнекенов Жүсіп Рысқалиұлы медальдармен және дипломдармен марапатталды:

  • «ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл» медалі 2001ж.;
  • «ҚР Конституциясына 10 жыл» медалі 2005ж.;
  • «Астснаға 10 жыл» медалі 2007ж.;
  • Алматы облысының Әкімдігінің Құрмет Грамотасы 2008ж.;
  • «Даңқ Қазақстан» ордені 2013ж..

          2013 жылы,Ж.Р.Жәнекенов бастаған «Талдықорғансужоба институты» ЖШС-гі «Сектордың көшбасшысы» атағымен марапатталды. Кәсіпорын,ОКЭД 71.12.2 бойынша Қазақстан Республикасының орта кəсіпорындары арасындаTOP 60-ға кірді.

          Жәнекенов Ж.Р., Талдықорған қаласы бойынша сайлау комиссияларының мүшесі болды, олар:

30 тамыз 1995ж. – Қазақстан Республикасы Конституциясының республикалық референдумы;

1999Ж. – ҚР Мәжіліс парламентіне сайлау;

1999ж. – Президенттің өкілеттігін ұзарту жөніндегі сайлау;

19 тамыз 2005ж. – ҚР Мәжіліс парламентіне сайлау;

2007ж. – жергілікті заң шығару мекемелеріне сайлау.

          Жәнекенов Ж.Р. «ҚР Қызыл Жарты ай қоғамы» ҚБ филиалына үнемі материалдық көмек көрсетті.