Институт жайлы

          «Ж.Р. Жәнекенов атындағы Жобалау Институты» ЖШС жобалау және зерттеу қызметтері нарығында көшбасшылардың бірі болып табылады. Институттың ұзақ және бай тарихы бар. Негізі қаланған жылы – 1952ж. “Қазгипроводэлектро” институтының базасында, Талды-Курган жобалау – іздестіру экспедициясы ұйымдастырылды. Келесі жылдары экспедиция, “Казгипроводхоз” институтының филиалынан, 1994 жылы «Талдықорғансужобалау» ААҚ-на дейін , 2005 жылдан бастап «Талдықорғансужобалау» ЖШС, 2017 жылдың сәуірінен – «Ж.Р. Жәнекенов атындағы жобалау Институты» ЖШС-не дейін дамыды.

          Серіктестік бүгінгі күнде гидротехникалық құрылыстарды жобалау және жерді ирригациялау үшін тек Алматы облысында ғана емес, бүкіл ел бойынша жобалау-іздестіру ұйымдарының арасында маңызды болып табылады. Су шаруашылығы құрылыстарын жобалау, ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз ету және жайылымдарды суландыру, электрмен жабдықтау және гидротехникалық жұмыстарды автоматтандыру саласында мол тәжірибесі бар. Ол жақсы жабдықталған материалдық-техникалық және нормативтік-әдістемелік базамен, жобалау-іздестіру материалдары бойынша бай тарихи мұрағатпен және жоғары білікті мамандармен жабдықталған.

 

«Ж.Р. Жәнекенов атындағы жобалау институты» ЖШС-ның негізгі қызмет түрлері:

  1. Құрылыстың барлық түрлері үшін топографиялық, инженерлік-геологиялық, гидрогеологиялық, топырақ-мелиоративтік, гидрологиялық зерттеулер;
  2. Бұрғылау жұмыстары;
  3. Топырақтың,жердің және судың зертханалық талдауы;
  4. Инвестициялық-экономикалық негіздеме, техникалық-экономикалық негіздеме, даму және қайта құрудың ТЭН-схемалары.

 

Жобаларды мамандандыру (қайта жабдықтау, қайта құру және жаңа құрылыс):

  • Елді мекендерді ауыз сумен және кәріз жүйесімен қамтамасыз ету;
  • Суару жүйелері, резервуарлар, гидротехникалық, балық қорғау және тасқыннан қорғау құралдары;
  • Дренаждың барлық түрлері;
  • Шағын ГЭС;
  • Энергиямен жабдықтау.

 

Біздің жабдықтар:

  • Қызметкерлердің жалпы саны – 56;
  • Өндірістік базасы 1,6 гектар аумақта;
  • Өндірістік ғимарат – 400 шаршы метр, 0,5 га аумағы бар;
  • Зертхана – 100 шаршы метр;
  • Теодолиттер, нивелирлер, кипрегеллер — 15 дана;
  • Тахеометр «Leica» — 2 дана;
  • Бұрғылау жабдығы – 3 дана;
  • Автокөліктер – 12 дана;
  • Компьютерлер – 50 дана;
  • Көшірме техникасы – 4 дана;
  • Плоттерлер (А0 форматта) – 2 дана.